7 сағат бұрын
«Тобыл» - «Паневежис» кездесуі қосымша кезеңге ұласты
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Конференция лигасының екінші айналымында «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) - «Паневежис» (Литва) кездесуі қосымша кезеңде анықталатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Ойын барысында литвалық клубтан Сейдина Кейта 45-минутта мергендік танытса, 84-минутта «Тобыл» сапынан Неманя Цавнич баспен гол соғып, таразы басын теңестірді.
Алғашқы минуттан бапкерлер төмендегі ойыншыларға сенім білдірді.
«Тобыл»: Данил Устименко (Қ) – Антонио Боршич, Папе Алиун Ндиайе, Райан Сенхаджи, Наурызбек Жагоров – Асхат Тағыберген (К), Максим Мякиш, Мохамед Амин Талал, Александр Зуев, Ислам Чесноков – Урош Милованович.
«Паневежис»: Витаутас Черняускас (Қ) (К) – Довидас Бальсис, Страхиня Керкез, Сейдина Кейта, Эрнестас Бурдзилаускас – Исаак Асанте, Матас Раманаускас, Парфе Бизоза – Наурис Петкявичюс, Квадво Асамоа, Валдас Паулаускас.
Кездесу барысында литвалық кдлубтан Наурис Петкевичюс 33-минутта есеп ашса, қостанайлық клубтан Амин Талар 45-минутта таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде командалар есепті өзгертуге тырысты. Дегенмен дегеніне жете алған жоқ.
Осылайша негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан