Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

«Тобыл» Конференция лигасында жарысты жалғастырады

«Тобыл» Конференция лигасында жарысты жалғастырады

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Қазақстандық «Тобыл» (Қостанай) командасы UEFA Конференция лигасының екінші айналымында Литваның «Паневежис» командасымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелген еді. Сондықтан екеуінің де жарысты жалғастыруға мүмкіндігі зор болды.

Десе де қостанайлық команда өз алаңында ойын көрсетеді. Сондықтан жанкүйерлер олардың жеңіске жетуіне үміт артты.

Соған қарамастан командалар тартысты ойын өткізді. Алма-кезек шабуылға көшіп, ұрымтал сәттерді іздеді. Литвалық команда сапынан Наурис Петкевичюс 33-минутта есеп ашса, қостанайлық командадан Амин Талар 45-минутта таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде де қарсыластар есепті өзгертуге күш салды. Жанкүйерлер толассыз шабуылды тамашалады. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екі ойынның да нәтижесі тең болғандықтан кездесу қосымша кезеңге ұласты. Қосымша отыз минутта да қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында «Тобылдың» жолы болды.

Енді олар үшінші іріктеу кезеңінде «Партизан» (Сербия) - «УНА Штрассен» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесу 6 тамызда сырт алаңда өтсе, қарымта ойын 13 тамызға белгіленген.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан