5 сағат бұрын
«Тобыл» еурокубоктағы ойыны үшін қанша пайда тапты?
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Екі матчтың қорытындысы бойынша «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Паневежисті» жеңіп, іріктеудің үшінші раундына жолдама алды, деп хабарлайды Sports.kz.
Екінші раундқа қатысқаны үшін қостанайлық клуб UEFA-дан 175 мың еуро (95,24 миллион теңге) алады. Дәл осындай сома үшінші раундта ойын көрсеткені үшін кепілдендірілген.
Сондай-ақ егер «Тобыл» плей-офф кезеңіне өте алмаса, онда 550 мың еуро (299,34 миллион теңге) мөлшерінде бонус алады. Осылайша клубтың осы еурокубок маусымындағы табысы кемінде 900 мың еуроны (489,83 миллион теңге) құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстан клубтар арасында еурокубокта алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан