Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

ҚПЛ-дың ХХ турындағы ойындарды қайдан тамашалауға болады

ҚПЛ-дың ХХ турындағы ойындарды қайдан тамашалауға болады

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХ турындағы ойындардың қай уақытта басталатыны және қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл ойындар 1 және 2 тамыз күндеріне белгіленген. Алдымен 1 тамызда үш кездесу өткізілсе, 2 тамызға төрт кездесу жоспарланған.

Премьер-Лига

20-тур

1 тамыз

17:00. «Ертіс» (Павлодар) - «Каспий» (Ақтау). youtube KFF League

19:00. «Қызылжар» (Петропавл) - «Ақтөбе». youtube KFF League

20:00. «Атырау» - «Жетісу» (Талдықорған). youtube KFF League

2 тамыз

17:00. «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Алтай» (Өскемен. youtube KFF League

18:00. «Ұлытау» (Жезқазған) - «Астана». youtube KFF League

18:00. «Жеңіс» (Астана) - «Елімай» (Семей). SPORT+

20:00. «Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай). «Qazsport».

Қазір турнир кестесінде 45 ұпаймен «Қайрат» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Ордабасының» 43, «Астананың» 32 ұпайы бар.

Сұрмергендер көшінде Жоржиньо («Қайрат») мен Роман Мұртазаев («Елімай») 8 гол соғып, алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр. Одан кейінгі Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Нұрбол Әнуарбеков («Жетісу»), Фессу Плакканың («Елімай») еншісінде 7 голдан бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды.


Біздің серіктес: Sport12kz