Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

ҚФФ Техникалық орталығы шілде айындағы жұмысын қорытындылады

ҚФФ Техникалық орталығы шілде айындағы жұмысын қорытындылады

Фото: ҚФФ

2026 жылдың шілде айында Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы бапкерлік білім беруді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ай ішінде еліміз бойынша 353 бапкер мен маман білім беру шараларымен қамтылды.

Айдың басты оқиғаларының бірі – UEFA «A» курсының басталуы болды. Бағдарламаның алғашқы модулі Астана қаласында өтіп, оған УЕФА-ның заманауи талаптарына сай оқытуды бастаған 24 бапкер қатысты.

Сонымен қатар элиталық жасөспірімдер футболы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған UEFA «A-Elite» курсының екінші модулі өтті. Оған жоғары деңгейдегі жас футболшыларды дамыту мәселелері бойынша білімін жалғастырып жатқан 20 бапкер қатысты.

Шілде айында өңірлік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру да әрі қарай жалғасты. Қазақстанның төрт қаласынан 120 бапкер UEFA «B» курсының үшінші модулінен өтті. Бұдан бөлек, еліміздің бес қаласында 150 бапкердің басын қосқан жаңа UEFA «C» курсының ұйымдастыру конференциясы мен алғашқы онлайн-модулі ұйымдастырылды.

Техникалық орталық UEFA «Pro» курсының тыңдаушылары үшін де микро-семинарлар мен қорытынды емтихандар өткізді. Оған 20 бапкер қатысты. Бұл кезең тыңдаушылардың негізгі бөлігіне қорытынды баға беруге және оқуды аяқтаудың келесі қадамдарын айқындауға мүмкіндік берді.

UEFA Doctor Education Programme курсын жүзеге асыру бөлек бағытқа айналды. Оқытуға 19 футбол дәрігері қатысып, футболшылар мен командаларды медициналық сүйемелдеу саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.

«Easy Coach» цифрлық платформасын дамыту бойынша да жұмыстар жалғасты. Шілде айында платформа арқылы төрт білім беру бағдарламасы сүйемелденді: жаңа оқу курстары құрылып, оқу-әдістемелік материалдар орналастырылды, тыңдаушылармен байланыс орнатылып, білім беру деректерімен орталықтандырылған жұмыс жүргізілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ҚФФ футбол үйінде Халықаралық спорт журналистері күніне арналған шағын футболдан мерекелік турнир өтті.


Біздің серіктес: Sport12kz