Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» көш басына шықты

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» көш басына шықты

Фото: «Шахтер» футбол клубы

Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының ХVІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турдағы екінші ойын күні, 31 шілдеде қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда қостанайлық «Тобыл-2» командасымен кездесті. Ойын барысында қарағандылық клуб сапынан Артем Литош 43-минутта есеп ашса, 85-минутта Диас Қалыбаев мергендік танытты.

Осылайша олар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 43 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Ойындар нәтижесі

ХVІ тур

30 шілде

«Батыр» (Павлодар облысы) - «Елімай-2» (Семей) 2:1

«Каспий-2» (Ақтау) - «Ақтөбе-2» 6:1

«Тараз» - «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 2:1

«Хан тәңірі» (Алматы) - «Тұран» (Түркістан) 0:1

31 шілде

«Астана-2» - «Арыс» (Түркістан облысы) 2:0

«Қайрат-2» (Алматы) - «Жайық» (Орал) 2:2

«Тобыл-2» (Қостанай облысы) - «Шахтер» (Қарағанды) 0:2.

Былтыр Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын 51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері атанды.




Біздің серіктес: Sport12kz