Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Ордабасы» бельгиялық клубтың Жасұлан Әмірге ұсынысынан бас тартты

«Ордабасы» бельгиялық клубтың Жасұлан Әмірге ұсынысынан бас тартты

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

«Ордабасы» Жасұлан Әмірге қатысты Бельгиядан келген ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Scout in Eurasia ақпараты бойынша бельгиялық «Зюлте-Варегем» Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншысы тансферіне 500 мың еуро ұсынған. Бұл шымкенттік клуб үшін де, агенттік үшін де тиімсіз болып шықты.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев жас шабуылшы Жасұлан Әмірге Ресей Премьер-лигасының «Балтика» клубы қызығушылық танытқанын растады.

Клуб басшысының айтуынша, Калининград клубы футболшының трансфері бойынша хабарласқанымен, ресми ұсыныс жасамаған. «Ордабасы» басшылығы бірден ойыншының жазда сатылмайтынын жеткізген.



Біздің серіктес: Sport12kz