Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Тобылдың» «Партизанмен» кездесуіне қатысты дайындығы белгілі болды

«Тобылдың» «Партизанмен» кездесуіне қатысты дайындығы белгілі болды

Фото: «Тобыл» футбол лубы

Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан чемпионаты сырт алаңындағы «Ордабасына» қарсы ойыннан кейін бірден алдағы еурокубоктық кездесуіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Мирослав Ромащенконың командасы бүгін Шымкентте таңертеңгілік жаттығудан кейін Белградқа екі топпен барды.

Бұл шешім команданың тығыз кестесі және Конференция лигасының маңызды матчына дайындық уақытын тиімді пайдалану қажеттілігімен байланысты болып отыр.

Еске салсақ, қостанайлық клубтың Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі Сербияның «Партизан» командасына қарсы ойын тамыздың 6-нан 7-не қараған түні 00:00-де өтеді.

Спорт журналисі Эльдар Аманбаевтың хабарлауынша, еурокубок матчы аяқталғаннан кейін қостанайлық клуб чартерлік рейспен өз қаласына толық құрамда оралуды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық «Тобыл» (Қостанай) командасы UEFA Конференция лигасының екінші айналымында Литваның «Паневежис» командасымен қарымта ойын өткізді.


Біздің серіктес: Sport12kz