Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Конференция лигасы: «Партизан» – «Тобыл» кездесуінде кімдер төрелік етеді?

Конференция лигасы: «Партизан» – «Тобыл» кездесуінде кімдер төрелік етеді?

Фото: «Тобыл» футбол лубы

UEFA Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Партизан» (Белград, Сербия) – «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) кездесуінде қай елдің төрешілер бригадасы қызмет атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл кездесу тамыздың 6-ынан 7-іне қараған түні Себрия астанасы Белград қаласында өтеді.

Ойынға Антониу Нобре бастаған португалиялық төрешілер бригадасы қазылық етеді. Оған отандастары Нелсон Перейра мен Франсишку Перейра көмектеседі.

Төртінші төреші - Луиш Карлуш Матеуш Филипе. Бас төрешінің бейнеқайталау жөніндегі көмекшісі Бруну Эстевеш болса, бас төрешінің бейнеқайталау жөніндегі көмекшісінің ассистенті міндеті Катарина Кампушқа жүктелген.

Ал екі команда арасындағы қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Онда бас төреші міндетін италиялық Даниэле Киффиге жүктелсе, оың көмекшісі ретінде Джованни Баччини мен Пьетро Деи Джудичи қызмет атқарады. Төртінші төреші Даниэле Перенцони, бас төрешінің бейнеқайталау жөніндегі көмекшісі Даниэле Патерна, бас төрешінің бейнеқайталау жөніндегі көмекшісі ассистенті Алессандро Пронтера болады.



Біздің серіктес: Sport12kz