4 сағат бұрын
«Тобыл» Сербия астанасына келіп жетті
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі Сербияның «Партизан» командасымен кездесу үшін Белград қаласына келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық клуб енді үшінші іріктеу кезеңінде «Партизан» (Сербия) - «УНА Штрассен» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бірінші кездесу 6 тамызда сырт алаңда өтсе, қарымта ойын 13 тамызға белгіленген.
Екінші іріктеу кезеңінде қостанайлық команда Литваның «Паневежис» (1:1, 2:2, пенальтиден - 3:2) клубын қапы қалдырған еді.
Швейцарияның Ньон қаласында плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. Онда қостанайлық клубтың ықтимал қарсыласы ретінде Испанияның «Хетафе» командасы белгілі болды.
Алғашқы ойын 20 тамызда Испанияда өткізілсе, қарымта кездесу 27 тамызда Қостанайда болуы мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz