7 сағат бұрын
Қазақстанда EA FC 26 бойынша ҚР чемпионаты басталады
Фото: ҚФФ
Қазақстанда EA FC 26 бойынша ҚР чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл – УЕФА-ның ресми турнирі және киберфутболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жасақтауға арналған маңызды кезең.
Чемпионат жеңімпазы еліміздің атынан eEURO 2026 іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Турнир екі кезеңнен тұрады:
22 тамыз | Онлайн іріктеу
Үздік 8 ойыншы LAN Final кезеңіне жолдама алады. Матчтар Ultimate Team режимінде Single Elimination жүйесі бойынша өтеді.
29 тамыз | LAN Final | Астана
Үздік 8 ойыншы ел чемпионы атағын сарапқа салады. Жарыс Ultimate Team FC Pro режимінде өтеді.
17–18 қазан
Қазақстан чемпионы eEURO 2026 онлайн топтық кезеңінде ел намысын қорғайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Астана 2027 жылы Еуропа футболындағы маңызды жиындардың бір алаңы болады. 22 сәуірде Қазақстанда УЕФА-ның 51-конгресі ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: Sport12kz