6 сағат бұрын
Белгілі спорт комментаторы «Ақтөбеде» басшылыққа келді
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Белгілі спорт комментаторы және журналист Дидар Қадыров «Ақтөбе» футбол клубының басшылық құрамына енді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дидар Metaratings.kz порталының және Sport Plus Qazaqstan телеарнасының бас редакторы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ол ҚФФ және AlmaU бірлесіп ұйымдастырған «Футбол менеджменті» бағдарламасының түлегі.
Қадыров клубтың операциялық мәселелері мен медиалық жағынан ілгерілеуіне жауап бермек.
Еске салсақ, бұдан бұрын 51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz