6 сағат бұрын
Бүгін Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі басталады
Фото: uefa.com
Бүгін UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирдің бұл кезеңінде «Андерлехт», «Бенфика», «Ференцварош» секілді белгілі командалар сынға түсіп жатыр. Сондай-ақ UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайраттан» жеңілген (1:0, 0:1, пенальтиден 5:6) «Омония» да ойнайды.
КуПС (Финляндия) - «Университетя Крайова» (Румыния)
«Маккаби Тель-Авив» (Израиль) - ЦСКА (Болгария)
«Ягеллония» (Польша) - «Рейнджерс» (Шотландия)
«Градец Кралове» (Чехия) - «Бешикташ» (Түркия)
«Зальцбург» (Аустрия) - «Пафос» (Кипр)
«Лех» (Польша) - «Клаксвик» (Фарер аралдары)
«Линкольн» (Гибралтар) - «Омония» (Кипр)
ПАОК (Грекия) - «Андерлехт» (Бельгия)
«Тун» (Швейцария) - «Викингур» (Исландия)
«Бенфика» (Португалия) - «Хартс» (Шотландия)
«Иберия-1999» (Грузия) - «Ларн» (Солтүстік Ирландия)
«Гурник» (Польша) - «Ференцварош» (Мажарстан).
Қарымта ойындар 13 тамызға белгіленген. Ал плей-офф кезеңі 20 және 27 тамызда өтеді.
Негізгі кезең 16 қыркүйекте басталып, 2027 жылдың 28 қаңтарында мәресіне жетеді. Одан плей-офф 18 және 25 ақпан, 1/16 финал 11 және 18 наурыз, 1/8 финал 8 және 15 сәуір болса, жартылай финал 29 сәуір мен 6 мамыр күні ойналады.
Финал 26 мамырда Германияның Франкфурт қаласындағы «Вальдштадионе» стадионында болады.
Айта кетсек, футболдан UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бүгін «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) сырт алаңда «Партизан» (Белград, Сербия) командасымен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz