5 сағат бұрын
Бүгін «Қайраттың» атақты қақпашысы Құралбек Ордабаев 77 жасқа толды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Құралбек Досжанұлы – КСРО спорт шебері. Қазақ КСР құрамасы сапында КСРО халықтары Спартакиадасына қатысқан. Одақтың жастар құрамасында да өнер көрсеткен, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ордабаев 11 метр айып добын қайтару бойынша кеңес футболы тарихындағы үздік қақпашылардың бірі болып саналады. 1973 жылы Жоғарғы лига командалары арасындағы КСРО чемпионатында ол матчтан кейін 14 пенальти мен ойында 2 пенальти қайтарып, осы көрсеткіш бойынша рекорд орнатты.
Алматылық «Қайрат» сапында ол барлық турнирде 285 кездесу өткізген.
Ойындық мансабын аяқтағаннан кейін «Қайраттың» басшысы, ҚР Футбол қауымдастығының вице-президенті және президенті, ҚР Спорт және туризм агенттігінің ойын түрлері бойынша кеңесшісі қызметін атқарды. Қазір Ордабаев «Қайрат» футбол клубында бұқаралық спортты дамыту бағдарламасына жетекшілік етеді.
Еске салсақ, белгілі спорт комментаторы және журналист Дидар Қадыров «Ақтөбе» футбол клубының басшылық құрамына енді.
Біздің серіктес: Sport12kz