Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан құрамасы тізгінін кім ұстайды?

Футболдан Қазақстан құрамасы тізгінін кім ұстайды?

Фото: footboom1.com

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тізгінін кімнің ұстайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.

Оның айтуынша, бұл қызметке нидерландтық Джон ваньт Схип келуі мүмкін.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ертең 62 жастағы жаттықтырушы Қазақстан футбол федерациясының арнайы баспасөз конференциясында ұлттық команданың жаңа бас бапкері ретінде ресми түрде таныстырылады.

Нидерландтық бапкер Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Маннмен жақсы таныс. Олар бұған дейін голландиялық бас бапкер болған аустралиялық «Мельбурн Сити» клубында жұмыс істеген кезде танысқан.

Маманның соңғы жұмыс орны Армения құрамасы болды. Бапкерлік мансабында ол бірқатар танымал командалар мен құрамаларды басқарды. Әр жылдары Амстердамның «Аякс» командасы жүйесінде қызмет атқарды. Жастар командаларын да, клубтың негізгі құрамын да жаттықтырды. Сондай-ақ, ол Нидерландтық «Твенте» мен «Зволле», мексикалық «Гвадалахара», сондай-ақ Грекия ұлттық құрамасын басқарды.

Еске салсақ, бүгін Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі басталады.


Біздің серіктес: Sport12kz