2 сағат бұрын
«Манчестер Юнайтед» колумбиялық жартылай қорғаушыны қатарға қосты
Фото: manutd.com
«Манчестер Юнайтед» колумбиялық жартылай қорғаушы Кристиан Орозконы қатарға қосқанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшы бұған дейін Колумбия Примерасында ойнайтын «Форталеса» клубының намысын қорғаған. Қазірге дейін ол 17 жасқа дейінгі Колумбия құрамасында ел намысын қорғаған.
Алғашқы уақытта ол англиялық клубтың академиясында тәжірибесін арттырады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Реал Мадрид» шабуылшы Винисиус Жуниормен келісімшарт мерзімі ұзартылғанын жариялады. Жаңа келісімшарт 2032 жылдың 30 маусымына дейін белгіленген.
Біздің серіктес: Sport12kz