Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

«Партизан» - «Тобыл» кездесуінің бірінші кезеңінің нәтижесі белгілі болды 

«Партизан» - «Тобыл» кездесуінің бірінші кезеңінің нәтижесі белгілі болды 

Фото: «Тобыл» футбол клубы

UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Партизан» (Белград, Сербия) - «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) кездесуінің бірінші кезеңінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу Сербия астанасы Белград қаласындағы «Партизан» стадионында өтіп жатыр. Ойынға Антониу Нобре бастаған португалиялық төрешілер бригадасы қазылық етуде. Оған отандастары Нелсон Перейра мен Франсишку Перейра көмектесіп жатыр.

Кездесу барысында 33-минутта сербиялық клубтан Демба Сек мергендік танытты.

Қарымта кездесу 13 тамыз күні Қостанайда болады.

Қостанайлық команда екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» (1:1, 2:2, пенальтиден - 3:2) клубын қапы қалдырған еді.

Айта кетсек, қостанайлық клубтың плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыласы ретінде Испанияның «Хетафе» командасы белгілі болды.

Алғашқы ойын 20 тамызда Испанияда өткізілсе, қарымта кездесу 27 тамызда Қостанайда болуы мүмкін.



Біздің серіктес: Sport12kz