Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қатарынан оныншы мәрте жеңіске жетті 

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қатарынан оныншы мәрте жеңіске жетті 

Фото: «Шахтер» футбол клубы

Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының ХVІІ турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турдағы алғашқы ойын күні, 6 тамызда қарағандылық «Шахтер» өз алаңында Ақтаудың «Каспий-2» командасын қабылдады.

Биыл қарағандылық команда Премьер-лигаға қайта оралуды алдына мақсат етіп отыр. Нәтижесінде әрбір кездесуде үш ұпайдан шашау шығармауға көңіл бөліп келеді.

Соған қарамастан ойын барысында ақтаулық команда оларға лайықты тойтарыс бере білді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды Андрей Ульшин 84-минутта өзінің еншісіне жазды.

Осылайша «Шахтер» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 46 ұпаймен жеке-дара көш басына шықты. Қатарынан он мәрте жеңіске жеткен олар турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсті.

Ойындар нәтижесі

ХVІІ тур

6 тамыз

«Елімай-2» (Семей) - «Қайрат-2» (Алматы) 1:0

«Ақтөбе-2» - «Батыр» (Павлодар облысы) 0:2

«Шахтер» (Қарағанды) - «Каспий-2» (Ақтау) 1:0

«Оңтүстік академиясы» (Шымкент) - «Хан тәңірі» (Алматы) 3:1

Ойындар күнтізбесі

7 тамыз

«Арыс» (Түркістан облысы) - «Тобыл-2» (Қостанай)

«Жайық» (Орал) - «Тараз»

«Тұран» (Түркістан) - «Астана-2».

Былтыр Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.

Еске салсақ, белгілі спорт комментаторы және журналист Дидар Қадыров «Ақтөбе» футбол клубының басшылық құрамына енді.



Біздің серіктес: Sport12kz