Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

«Тобыл» Конференция лигасында «Партизанға» есе жіберді 

«Тобыл» Конференция лигасында «Партизанға» есе жіберді 

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Партизан» (Белград, Сербия) - «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) кездесуінің әтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу Сербия астанасы Белград қаласындағы «Партизан» стадионында өтті. Ойынға Антониу Нобре бастаған португалиялық төрешілер бригадасы қазылық етті. Оған отандастары Нелсон Перейра мен Франсишку Перейра көмектесті.

Кездесу барысында екі команда алғашқы минуттан белсенді ойын көрсетті. Бір-бірінің қақпасы маңынан жиі бой көрсетті. Десе де екі команданың да қорғаныс шебі сауатты ойын көрсете білді. Ойынның 33-минутында сербиялық клубтан Демба Сек мергендік танытты.

Екінші кезеңде де командалар осы қарқынынан атйған жоқ. Алаң иелері есепті ұлғайтуға тырысса, қостанайлық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен сербиялық клуб сапынан Зубайру Ибрахим 65, Шака Траоре 94-минутта гол соқты.

Осылайша «Тобыл» қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.

Қарымта кездесу 13 тамыз күні Қостанайда болады.

Қостанайлық команда екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» (1:1, 2:2, пенальтиден - 3:2) клубын қапы қалдырған еді.

Айта кетсек, қостанайлық клубтың плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыласы ретінде Испанияның «Хетафе» командасы белгілі болды.

Алғашқы ойын 20 тамызда Испанияда өткізілсе, қарымта кездесу 27 тамызда Қостанайда болуы мүмкін.



Біздің серіктес: Sport12kz