11 сағат бұрын
Джон ван ’т Шкип ҚФФ Футбол үйінің жұмысымен танысты
Фото: ҚФФ
ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн және нидерландық маман Джон ван ’т Шкип Футбол үйін аралап, федерация қызметкерлерімен пікір алмасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұдан бөлек, ҚФФ музейін көріп, Қазақстан футболының тарихы мен федерацияның маңызды жетістіктерімен танысты.
Сондай-ақ Джон ван ’т Шкип ҚФФ-ның футбол манежіне барып, «Жеңіс» футбол орталығының тәрбиеленушілері және жаттықтырушылар штабымен жүздесті.
Кездесу барысында Джон ван ’т Шкип жас футболшылардың жаттығу барысын бақылап, жаттықтырушылармен балалар және жасөспірімдер футболын дамыту, ойыншыларды даярлау және болашағы зор футболшыларды қалыптастыру туралы пікір алмасты.
Біздің серіктес: Sport12kz