08.08.2026
ҚПЛ: «Тобыл» - «Қайсар» кездесуі кейінге қалдырылды
Фото: myseldon.com
Футболдан Қазақстан ПРемьер-лигасы ХХІ турындағы «Тобыл» (Қостанай) - «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Тобыл» клубының Конференция лигасындағы ойындарына қатысуына байланысты Кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшылығы «Қайсар» мен «Тобыл» командалары арасындағы матчты кейінге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Матчтың жаңа өткізу мерзімі әзірге белгісіз.
Матчтың өтпей қалуына байланысты «Қайсар» клубы тарапынан бұған дейін жұмсалған барлық шығындарды «Тобыл» клубы өз мойнына алатынын мәлімдеді.
- Осы жағдайға байланысты жанкүйерлерімізге түсіністік танытып, командаға көрсетіп отырған қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Матчқа дайындалып, командамен бірге болуға ниет білдірген жанкүйерлеріміздің жоспарлары өзгергеніне өкініш білдіреміз, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырёв ресми түрде «Жетісу» командасы қатарына қосылды.
Біздің серіктес: Sport12kz