08.08.2026
Ресейлік клуб Данил Устименкоға қызығушылық білдірді
Фото: sportplustv.kz
Ресейлік «Крылья Советов» қостанайлық «Тобыл» қақпашысы Данил Устименкоға қызығушылық білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Самаралық клуб қақпашының позициясын күшейтуге ниет танытып отыр. Ал «Қайраттың» 25 жастағы түлегі реесйлік команданың қысқа тізіміне кіреді.
Осы маусымда Данил Устименко барлық турнирде «Тобыл» үшін 15 матч өткізді.
Еске салсақ, Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында қостанайлық клуб қақпашысы матчтан кейінгі серияда екі пенальтиді қайтарып алып, клубқа үшінші раундқа шығуға көмектесті.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан ПРемьер-лигасы ХХІ турындағы «Тобыл» (Қостанай) - «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.
Біздің серіктес: Sport12kz