Матч орталығы
Челленджер Фантхьет 4 Теннис Мэтью Деллаведова Мэтью Деллаведова 2:1 Аяқталды Григорий Ломакин Григорий Ломакин Юношеская лига УЕФА Футбол OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 19:00 Бүгін Кайрат до 19 Кайрат до 19 Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 22:00 Бүгін Эспаньол Эспаньол Ла Лига Футбол Алавес Алавес 23:00 Бүгін Валенсия Валенсия Эредивизи Футбол Аякс Аякс 23:00 Бүгін Виллем 2 Виллем 2 Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 23:45 Бүгін Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 23:45 Бүгін Миллуолл Миллуолл Лига кубогы Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Арсенал Арсенал Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:00 Ертең Пиза Пиза Лига кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 00:00 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Эльче Эльче 00:30 Ертең Реал Мадрид Реал Мадрид Еуропа лигасы Футбол Омония Омония 21:45 Ертең Сельта Сельта Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:45 Ертең Спарта Спарта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 22:00 Ертең Севилья Севилья Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 22:00 Ертең Осасуна Осасуна Еуропа лигасы Футбол Милан Милан 00:00 17.09 Бенфика Бенфика Еуропа лигасы Футбол Хапоэль Хапоэль 00:00 17.09 Динамо Динамо Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 00:00 17.09 Ягеллония Ягеллония Еуропа лигасы Футбол Байер Байер 00:00 17.09 Целе Целе Еуропа лигасы Футбол Штурм Штурм 00:00 17.09 Ренн Ренн

08.08.2026

ҚПЛ: «Жетісу» өз алаңында «Ордабасыға» қауқар көрсете ала ма 

ҚПЛ: «Жетісу» өз алаңында «Ордабасыға» қауқар көрсете ала ма 

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасын ХХІ турында 8 және 9 тамызда алты ойын болады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турдағы екі кездесу кейінге қалдырылды. Ал қалған ойындар 8 және 9 тамыз күндеріне белгіленген. Алдымен 8 тамызда үш кездесу өткізілсе, 9 тамызға үш кездесу жоспарланған.

Премьер-Лига

21-тур

8 тамыз

17:00. «Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл)

Қазір өскемендік команда турнир кестесінде 16-шы орында тұр, Олардың еншісінде 16 ұпай бар, Соңғы үш турда қатарынан үш рет жеңіліс тапты. Петропавлдық клуб 9-шы орында (22 ұпай) келеді. Кейінгі екі кездесуде жеңіске жетті. Алғашқы айналымдағы өзара кездесуінде «Алтай» 2:1 есебімен жеңген еді. Дегенмен қазір петропавлдықтардың жағдайы жақсы. Команда ұпай қорын молайтуға күш салып келеді.

18:00. «Жетісу» (Талдықорған) - «Ордабасы» (Шымкент)

Талдықорғанда өтетін ойында турнир кестесінде 14-ші орында тұрған «Жетісу» өз алаңында көшбасшы «Ордабасыны» қабылдайды. Шымкенттік клуб маусымды жоғары деңгейде өткізіп келеді. Олар 46 ұпай жинады. Қарсылас қақпасына 36 гол соғып, тек 2 рет жеңілістің ащы дәмін татты. «Жетісу» болса 19 ұпай еншіледі. Алғашқы айналымдағы 17 мамырда болған ойында «Ордабасы» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Алаң иелері бұл кездесуді жартылай қорғаушы Серікжан Мужиковсыз өткізуге мәжбүр. Сары қағаздың көптігіне байланысты ол ойыннан шеттетілген.

20:00. «Каспий» (Ақтау) - «Ұлытау» (Жезқазған)

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында өтетін ойында «Каспий» тек номиналды алаң иесі ретінде танылады. Өйткені негізгі стадионы дайын болмауына байланысты команда 2026 жылғы маусымдағы өз матчын басқа аренада өткізіп жүр. Биылғы маусымдағы алғашқы кездесу 1:0 есебімен «Ұлытаудың» басымдығымен аяқталды.

Бұл жолы қорғаушы Әнуар Бекмырза сары қағазға байланысты және Андре Филип Сантос Амараль тікелей қызыл қағазға байланысты командасына көмектесе алмайды.

9 тамыз

18:00. «Астана» - «Оқжетпес» (Көкшетау)

«Астана» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды. Турнир кестесінде үшінші орында тұрған «Астана» 35 ұпай еншілеп үлгерді. Қатарынан төрт мәрте жеңіске жетіп, жағдайын жақсарты. Төртінші орындағы «Оқжетпес» 33 ұпаймен үздік үштіктен көрінуге күш салып келеді.

Алғашқы айналымдағы ойында «Оқжетпес» 1:0 есебімен басым түсті. Енді «Астана» сол олқылықтыңғ орнын толтыруға тырысады.

19:00. «Елімай» (Семей) - «Ертіс» (Павлодар)

Семейлік клуб турнир кестесінде 6-орында тұр, олар 28 ұпай жинаған еді, маусымда 7 жеңіс, 6 тең ойын және 5 жеңілісі бар. Соңғы екі турда қатарынан екі тең нәтиже тіркелді. Ал павлодарлық клуб 15-орынға жайғасқан, 17 ұпайы бар. Кейінгі екі турда қатарынан жеңіске жетті. Бұл маусымдағы өзара өткен алғашқы ойында 2:2 есебі тіркелді.

«Елімай» тікелей қызыл қағаз алғандықтан, жартылай қорғаушы Арсен Әшірбекті ойынға шығара алмайды. «Ертіс» сапынан сары қағазға қатысты жартылай қорғаушы Муроджон Халматов кездесуден сырт қалып отыр.

20:00. «Атырау» - «Ақтөбе»

Премьер-лиганың 10-шы турында «Атырау» мен «Ақтөбе» Түркістан аренасында кездеседі. Командалар биылғы маусымда 1:1 есебіне қанағат білдірді. Турнир кестесінде 13-ші орында тұрған «Атырау» 19 ұпай жинады. Олардың маусымдағы көрсеткіші 3 жеңіс, 10 тең ойын. Алғашқы бесіткте келе жатқан «Ақтөбе» 31 ұпай жинап, 29 гол соқты. Ақтөбелік клуб Темирлан Ерланов, Сенна Мианге мен Агустин Пасторица Какабелоті бүгінгі кездесуге шығара алмайды. «Атырау» шабуылшы Ян Труфанов пен қорғаушы Егор Хвальконың көмегінен тыс қалды.

Сондай-ақ бұл турдағы «Қайрат» (Алматы) – «Жеңіс» (Астана), «Тобыл» (Қостанай) – «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ресейлік «Крылья Советов» қостанайлық «Тобыл» қақпашысы Данил Устименкоға қызығушылық білдірді.




Біздің серіктес: Sport12kz