Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

Самат Смақов «Атыраудың» бас бапкері атанды

Самат Смақов «Атыраудың» бас бапкері атанды

«Атырау» футбол клубының тізгінін Самат Смақов ұстады.

Бұған дейін командаға Владимир Чебурин жетекшілік еткен. Клуб 7 тамызда оның қызметтен кеткенін хабарлады. Кейін Чебурин басшылық құрамдағы өзгерістерге байланысты клубпен екі жақтың келісімі негізінде қош айтысқанын айтты.

Самат Смақов бұған дейін «Ордабасының» жаттықтырушылар құрамында еңбек етіп, «Елімайды» жаттықтырған. Оның жетекшілігімен семейлік клуб Премьер-лигаға жолдама алды. Сондай-ақ Смақов «Астанада» техникалық директор, «Жетісуда» бас бапкер болды.

Самат Смақов ойыншы ретінде Қазақстан құрамасының сапында 76 рет алаңға шыққан.

Ол алты мәрте ел чемпионы атанып, төрт рет Қазақстанның үздік футболшысы атанған.

«Атырау» биыл Премьер-лигада 19 ойын өткізіп, 19 ұпай жинады. Қазір команда турнир кестесінде 13-орында тұр.


Біздің серіктес: Sport12kz