2 сағат бұрын
«Атырау» ойыншыларға берешек болып қалды
Фото: «Атырау» футбол лубы
«Атырау» командасы футболшыларға жалақы жөнінен берешек екені белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, осылайша ойыншылар алдындағы маусым айына жоспарланған берешекті толық жапты. Енді шілде айының жалақысы қашан берілетіні белгісіз.
2026 жылғы 17 сәуірде «Атырау» футбол клубын коммерцияландыру процедурасы аяқталып, меморандумға қол қойылды. Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды. Ашық конкурста өңірге белгілі кәсіпкер, мұнай өндіру, теміржол тасымалы және логистика саласындағы компаниялардың иесі Болат Қонарбай жеңімпаз деп танылды.
Клубтың жаңа иелері балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуды басым бағыт ретінде қарастырмақ. Алдағы үш жылда клубтың футбол орталығындағы тәрбиеленушілер санын бастауыш топтардан оқу-жаттығу топтарына дейін қоса есептегенде 1 000 адамға жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар облыс аудандарында футбол орталығының филиалдары ашылып, бұл спорт түрі аймақтағы барлық балаға қолжетімді болады.
Біздің серіктес: Sport12kz