4 сағат бұрын
ҚПЛ: «Тобыл» сырт алаңда «Ертістен» басым түсті
Фото: «Тобыл» футбол лубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІІ турында қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда Павлодардың «Ертісінен» басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де Павлодар қаласында басталған еді. Павлодар қаласында екпінді жел мен нөсер жаңбыр әсерінен футболшылардың ойнауына мүмкіндік болған жоқ. Арада елу минуттай өткенде кездесу қайта жалғасты.
Ойынның 23-минутында «Тобыл» сапынан Райан Сенхаджи есеп ашса, 52-минутта Виталий Лисакович мергендік танытты.
Кездесу барысында қостанайлық клубтан Антонио Боршич 69, павлодарлық ұжымнан Руслан Юденков 93-минутта қызыл қағаз алып, матчты ерте аяқтады.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ бүгін «Каспий» (Ақтау) - «Елімай» (Семей), «Қызылжар» (Петропавл) - «Астана», «Атырау» (Петропавл) - «Оқжетпес» (Көкшетау) кездеседі.
Ал 15 тамызда алматылық «Қайрат» Жезқазғанның «Ұлытауынан», шымкенттік «Ордабасы» Өскеменнің «Алтайынан» 3:1, астаналық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісуынан» 4:1 есебімен басым түсче, сырт алаңда «Ақтөбе» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Біздің серіктес: Sport12kz