Матч орталығы
Бірінші лига Футбол Тұран Тұран 0:4 Аяқталды Қайрат Ж Қайрат Ж Жолдастық кездесулер, клубтар Хоккей Ред Булл Ред Булл 0:1 Қос. уақытта Зальцбург Зальцбург Премьер-Лига Футбол Сараево Сараево 1:0 Аяқталды БСК Баня-Лука БСК Баня-Лука Про-Лига Футбол Аль-Кадисия Аль-Кадисия 0:1 Аяқталды Аль Иттихад Аль Иттихад Серия Б Футбол Виченца Виченца 3:2 Аяқталды Катанзаро Катанзаро Бірінші лига Футбол Фатих Карагюмрюк Фатих Карагюмрюк 2:1 Аяқталды Бурсаспор Бурсаспор Суперлига Футбол Эрзурумспор Эрзурумспор 0:4 Аяқталды Галатасарай Галатасарай Лига 1 Футбол Марсель Марсель 4:0 Аяқталды Страсбур Страсбур Ла Лига Футбол Бетис Бетис 1:0 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 19:00 Бүгін Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 19:00 Бүгін Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 19:00 Бүгін Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 20:00 Бүгін Севилья Севилья Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 21:30 Бүгін Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 22:30 Бүгін Сельта Сельта Бірінші лига Футбол Левски Левски 23:15 Бүгін Спартак Варна Спартак Варна Суперкубок Германии Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Бүгін Бавария Бавария Суперлига Футбол Цюрих Цюрих 23:30 Бүгін Базель Базель Лига 1 Футбол Ле Ман Ле Ман 23:45 Бүгін Брест Брест

1 күн бұрын

Төрешілерді VAR жүйесі бойынша сертификаттаудың алғашқы кезеңі аяқталды

Төрешілерді VAR жүйесі бойынша сертификаттаудың алғашқы кезеңі аяқталды

Фото: ҚФФ

Талғардағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында төрешілерді VAR жүйесі бойынша сертификаттаудың алғашқы кезеңі аяқталды. Бағдарламаға сегіз төреші қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Сертификаттаудың соңғы екі аптасы практикалық дайындыққа арналды. Теориялық дайындық және VAR симуляторында жұмыс істегеннен кейін төрешілер оқу-жаттығу эпизодтары мен толыққанды матчтарда өз дағдыларын пысықтады. Олар негізгі төреші және VAR төрешісі ретінде жұмыс істеді.

Практикалық сабақтар VAR технологиясының толық жиынтығы – сегіз камера, VOR бейнеоперациялық бөлмесі және RRA бейнеқайта қарау аймағы арқылы өтті. Қатысушылар төрешілер арасындағы байланысты, техникалық процедураларды, ойын эпизодтарын талдауды және бейнеассистент жүйесімен жұмыс істеудің басқа да маңызды элементтерін пысықтады.

Сертификаттау процесі аяқталғаннан кейін төрешілердің есімдері міндетті тіркеуден өту үшін FIFA платформасына жіберіледі. FIFA талаптарына сәйкес, VAR технологиясы қолданылатын матчтарда тек сертификатталған төрешілер ғана жұмыс істей алады.

ҚФФ Төрешілер департаменті Бірінші лига төрешілерін сертификаттау процесін бастады. Бұл олардың алдағы уақытта деңгейі жоғарылап, Қазақстан Премьер-лигасының матчтарында жұмыс істеуге мүмкіндік алған жағдайда VAR жүйесімен жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

VAR бойынша сертификаттау алдағы үш жылға жоспарланған төрешілікті дамыту жобасының бір бөлігі болып саналады. Бұл процеске нұсқаушылар, төрешілер, VAR, AVAR төрешілері, қайталаулар операторлары, телетаратушы және командалар қатысады. Осылайша оқу процесі нақты матч өткізу жағдайларына барынша жақындатылған.

Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лиганың барлық төрешісі VAR жүйесі бойынша сертификаттаудан өткенге дейін осы бағдарламаны жалғастыра береді.

Еске салсақ, «Қайрат» өз алаңында «Андерлехттен» бірінші таймда үш гол жіберіп алды.


Біздің серіктес: Sport12kz