Матч орталығы
Германия кубогы Футбол Верль Верль 0:3 Аяқталды Гамбург Гамбург Серия А Футбол Болонья Болонья 0:1 Аяқталды Лацио Лацио Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 0:0 Аяқталды Леванте Леванте Уинстон-Сейлем мужчины Теннис Лоренцо Сонего Лоренцо Сонего 23:00 24.08 Вит Коприва Вит Коприва Бірінші лига Футбол Локомотив Локомотив 0:1 Аяқталды Арда Арда Серия А Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Германия кубогы Футбол Халлешер Халлешер 2:4 ОТ Шальке Шальке ЮС Опен, женщины Теннис Клер Лю Клер Лю 1:2 Аяқталды Хизер Уотсон Хизер Уотсон Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 2:3 Аяқталды Челси Челси Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 2:0 Аяқталды Каза Пия Каза Пия Ла Лига Футбол Малага Малага 1:1 Аяқталды Депортиво Депортиво Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 19:00 Бүгін Қайсар Қайсар ЮС Опен мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 20:00 Бүгін Жиль-Арно Байи Жиль-Арно Байи Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:45 Бүгін Хапоэль Хапоэль Лига кубогы Футбол Саутгемптон Саутгемптон 23:45 Бүгін Вест Хэм Вест Хэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 00:00 Ертең Бетис Бетис Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 00:00 Ертең НЕК НЕК Лига кубогы Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 00:00 Ертең Лидс Лидс Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 00:00 Ертең Селтик Селтик

6 сағат бұрын

UEFA және CONCACAF Ұлттар лигасы жобасын біріктіруді жоспарлап отыр

UEFA және CONCACAF Ұлттар лигасы жобасын біріктіруді жоспарлап отыр

Фото: UEFA.com

Еуропа және Солтүстік Америка футбол конфедерациялары Ұлттар лигасын біріктіру жобасын талқылап жатыр. Бұл жөнінде The Guardian басылымы мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұлттық құрамалар рейтинг негізінде бірнеше дивизионға бөлінеді. Жоғары дивизионда Испания, Франция, Англия, АҚШ, Мексика, Канада секілді Еуропа мен Солтүстік Америка құрлықтарының жетекшілері құрамалары сынға түседі деп жоспарланып отыр.

Мамандар Қазақстан ұлттық құрамасының рейтингідегі жағдайы бойынша төменгі дивизионда сынға түсуі мүмкін екенін айтады.

Бұл ретте жаңа формат командаға Еуропа мен Солтүстік Америкадағы салыстырмалы деңгейдегі қарсыластарымен тұрақты ресми матчтар өткізуге мүмкіндік береді. Топтық кезеңдегі ойындарды халықаралық деңгейдегі кездесулер жоспарланған қыркүйек, қазан, қараша айларында өткізу жоспарланған. Жарыстың плей-офф сатысы наурыз айына белгіленсе, төрт құраманың қатысуымен финалдық сатысы маусым айында болады.

Ұлттар лигасының біріктірілген жобасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін басталуы мүмкін. Турнир екі жылда бір мәрте өткізілмек.

Қазір жоба талқыланду үстінде. Сондықтан жарысты өткізудің соңғы форматы мен болатын уақыты өзгеріске ұшырауы ықтимал.

Еске салсақ, UEFA Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі «Андерлехт» (Брюссель, Бельгия) пен «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) арасындағы кездесуде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.



Біздің серіктес: Sport12kz