4 сағат бұрын
«Жетісу» футбол клубы 3 млрд теңгеге қатысты түсініктеме берді
Фото: «Жетісут» футбол клубы
«Жетісу» футбол клубы әлеуметтік желіде және жекелеген ақпараттық ресурстарда сөз болған 3 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс бойыншатүсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Әлеуметтік желілерде және жекелеген ақпараттық ресурстарда «Жетісу» ФК шамамен 3 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс бойынша бір айдан астам уақыт бойы есептілік ұсынбай отыр деген ақпарат таратылуда.Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қоғамды жаңылыстырады, - деп жазылған хабарламада.
Олардың айтуынша, «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры қоғамдық қор нысанындағы мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйым болып табылады.
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 15847456-1 қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, № 82296993-ГСЗ1 лот бойынша «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры тиісті қызметтерді жеткізуші болып айқындалды.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде 2026 жылғы 14 қаңтарда Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры арасында № 220740005556/260001/00 қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.
Шарттың мәні кәсіби, жастар және әйелдер командаларын, Футбол орталығын ұйымдастыру және даярлау жөніндегі кешенді қызметтерді көрсету, сондай-ақ олардың 2026 жыл бойы ресми жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Шарттың бастапқы сомасы 2 811 249 999,99 теңгені құрады. Бұл ретте көрсетілген сома клубқа бір мезетте толық көлемде аударылмайды. Қаржыландыру бекітілген шығыстар сметасына және оның ай сайынғы бөлінісіне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ай сайын клуб қаржыландыруға өтінім беріп, мәлімделген шығыстарды растайтын құжаттарды, оның ішінде шарттарды, шоттарды, іссапар шығыстарын, жалақы ведомостарын және өзге де қаржылық құжаттарды ұсынады, - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Біздің серіктес: Sport12kz