15 сағат бұрын
Камерун құрамасының ойыншысы «Манчестер Юнайтед» сапына қосылды
Фото: sports.ru
Камерундық футболшы Карлос Балеба Англияның «Манчестер Юнайтед» командасының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай қорғаушы манчестерлік клубқа «Брайтон» командасынан ауысып келді. Оның бағасы 65+5 млн фунт тұрады.
2024 жылдан бері Камерун құрамасында ойнайтын ол үлкен футболдағы алғашқы мансабын 2022 жылы франциялық «Лилль» командасында бастады. 2023 жылы «Брайтон» командасына ауысты.
Еске салсақ, Моуринью «Реалдың» трансферлік науқаны аяқталғанын айтты.
Біздің серіктес: Sport12kz