12 сағат бұрын
Кристофер Нкунку жаңа командасына ауысты
Фото: sports.ru
Германияның «Лейпциг» командасы франциялық жартылай қорғаушы Кристофер Нкунку 3,5 млн еуроға жалға алатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Германиялық клуб оны кейіннен 30 млн еуроға сатып алу құқығымен қатарға қосып отыр. Бұл үшін футболшы жаңа командасында өзін дәлелдей білуі тиіс.
Кристофер Нкунку 1997 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Қазірге дейін «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Челси» (Англия), «Милан» (Италия) клубтарында доп тепкен.
2022 жылдан бері Франция ұлттық құрамасы сапында ойын көрсетіп келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын камерундық футболшы Карлос Балеба Англияның «Манчестер Юнайтед» командасының ойыншысы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz