12 сағат бұрын
Роберт Просинечки Қырғызстан құрамасы бас бапкері қызметінен кетті
Фото: ru.sputnik.kg
Роберт Просинечки футболдан Қырғызстан құрамасы бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Хорватиялық маман 2025 жылдың 10 желтоқсанында Қырғызстанның ұлттық құрамасын тізгінін ұстаған еді. Бірақ оның қызметі бір жылдан аз уақытқа созылды.
Хорват маманының басшылығымен ұлттық құрама төрт матч өткізді. Наурыз айында Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынында қырғызстандық футболшылар Мадагаскардан (2:5) және Экваторлық Гвинеядан (0:1) екі жеңіліске ұшырады. Жазда команда Бішкекте Палестинамен екі рет 0:0 есебімен тең аяқталды. Осы нәтижелерден кейін тараптар өзара уағдаластық бойынша ынтымақтастықты аяқтау туралы шешім қабылданды. Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері кім болатыны туралы әлі хабарланған жоқ.
Еске салсақ, Германияның «Лейпциг» командасы франциялық жартылай қорғаушы Кристофер Нкунку 3,5 млн еуроға жалға алатын болды.
Біздің серіктес: Sport12kz