11 сағат бұрын
ҚФФ Техникалық даму комитетінің отырысы өтті
Фото: ҚФФ
2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан футбол федерациясы Техникалық даму комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Комитет құрамына кәсіпқой және жасөспірімдер футболында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті бапкерлер мен мамандар кіреді.
Отырыста Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларының жаттықтырушылар штабтарының алдағы жұмысына қатысты кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Кандидатураларды қарау барысында Комитет мүшелері тиісті құрамаларға үміткер футболшылардың клубтық тиесілілігін де ескерді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Есімбек Нұрахметов 2011 жылы туған ойыншылардан құралған Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы міндетін атқарушы, ал Әнуар Жағыппар 2012 жылы туған ойыншылардан құралған Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Комитет мүшелерінің ұсынысы бойынша екі құраманың да жаттықтырушылар штабына айтарлықтай практикалық тәжірибесі бар мамандар міндетті түрде ассистенттер мен тәлімгерлер ретінде енгізіледі.
Бұл командалар үшін алдағы халықаралық іс-шаралар қатарында екі турнир бар. 2012 жылы туған Қазақстан құрамасы 2026 жылғы 14-19 қыркүйек аралығында Сербияда өтетін УЕФА Даму турниріне қатысып, Түркия, Ресей және Сербия құрамаларының құрдастарымен кездеседі. Ал Қазақстан U-16 құрамасы (2011 жылы туғандар) 2026 жылғы 7-11 қазан аралығында Грузияның Батуми қаласында өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді.
Жаттықтырушылар штабының жұмысы жүйелі әдістемелік сүйемелдеу мен мониторинг аясында жүргізіледі. Аға жаттықтырушылар лауазымдары бойынша түпкілікті шешімдерді командалардың нәтижелері, ойын сапасы және футболшылардың прогресі бағаланғаннан кейін 2027 жылдың басында қабылдау жоспарланып отыр.
Еске салсақ, Қазақстан футбол федерациясы «Тобыл» және «Қайсар» кездесу күнінің ауыстырулуына байланысты ресми түрде түсініктеме берді.
Біздің серіктес: Sport12kz