11 сағат бұрын
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Сербиядағы УЕФА Даму турниріне қатысады
Фото: ҚФФ
15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 13-19 қыркүйек аралығында Сербияның Стара-Пазова қаласында өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарысқа Қазақстаннан бөлек Сербия, Түркия және Ресейдің жасөспірімдер құрамалары қатысады.
Қазақстан U-15 құрамасы турнирдегі алғашқы матчын 14 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді. 16 қыркүйекте жасөспірімдеріміз Сербиямен кездессе, 19 қыркүйекте Ресейге қарсы ойын өткізеді.
Қазақстан U-15 құрамасының матчтар кестесі:
14 қыркүйек
12:00 Қазақстан – Түркия
16 қыркүйек
14:30 Сербия – Қазақстан
19 қыркүйек
10:00 Ресей – Қазақстан
Турнирдегі барлық матч Стара-Пазова қаласында өтеді.
Еске салсақ, 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан футбол федерациясы Техникалық даму комитетінің отырысы өтті.
Біздің серіктес: Sport12kz