9 сағат бұрын
Zhuldуz League және Umit League финалдық турларының күнтізбесі бекітілді
Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы маусымдағы қыздар командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының Zhuldуz League және Umit League финалдық турларының күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Sport12.kz.
2010-2011 жылы туған қыздар арасындағы Zhuldуz League финалдық туры 4-10 қазан аралығында өтеді. Командалар чемпионаттағы қазіргі орындарына қарай үш топқа бөлінеді.
1-4 орындар үшін матчтар Таразда өтеді. Бұл топта «Тараз», «Каспий», «БИІК-БЖСМ №17» және «Атырау» командалары ойнайды.
5-8 орындар үшін ойындар Өскеменде өтеді. Топ құрамында «Елімай», «Тұран», «Жетісу» және «Алтай» командалары бар.
9-13 орындар үшін матчтар Петропавлда 4-14 қазан аралығында өтеді. Бұл топта «Жеңіс», «Жас-Қыран», «Оқжетпес», «Қызылжар» және «Ұлытау» командалары бақ сынайды.
2014-2015 жылы туған қыздар арасындағы Umit League финалдық туры 4-12 қазан аралығында ұйымдастырылады.
1-6 орындар үшін матчтар Алматыда өтеді. Жүлделі орындар үшін «Астана», «Қайрат», «Шахтер», «Елімай», «Ақтөбе» және «Атырау» командалары таласады.
7-12 орындар үшін ойындар Павлодарда өтеді. Бұл топта «Тобыл», «Жеңіс», «Ертіс», «Жетісу», «Тараз» және «Каспий» командалары өнер көрсетеді.
13-18 орындар үшін матчтар Қызылордада өтеді. Топ құрамына «Қызылжар», «Тұран», «Қайсар», «Ұлытау», «Алтай» және «Ордабасы» командалары кіреді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада ҚФФ-ның кезекті сайлау конференциясы өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz