14 сағат бұрын
Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қатарынан он төртінші жеңісіне жетті
Фото: «Шахтер» футбол клубы
Футболдан Бірінші лиганың ХХІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турда қарағандылық «Шахтер» кезекті жеңісіне жетті. Олар өз алаңында Алматының «Хан тәңірін» қабылдады. Кездесу барысында қарағандылық клубтан бірінші кезеңде Диас Қалыбаев пен Артем Литош 17 және 25-минутта көзге түссе, олар екінші кезеңде 49 және 71-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты.
Осылайша «Шахтер» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсті. Қарағандылық команда өткен Премьер-лига жолдамасына бірнеше тур бұрын қол жеткізіп қойған еді.
Ойындар нәтижесі
3 қыркүйек
«Арыс» (Түркістан облысы) - «Батыр» (Павлодар облысы) 3:1
«Астана-2» - «Тараз» 4:0
«Тобыл-2» (Қостанай) - «Қайрат-2» (Алматы) 0:1
«Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Ақтөбе-2» 2:1 (Шымкент)
«Шахтер» (Қарағанды) - «Хан тәңірі» (Алматы) 4:0
4 қыркүйек
«Каспий-2» (Ақтау) - «Тұран» (Түркістан) 0:3
«Жайық» (Орал) - «Елімай-2» (Семей) 2:0.
Бұл турдан кейін 58 ұпаймен «Шахтер» көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Қайрат-2 клубының» 52, «Тұранның» 44 ұпайы бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы капитаны әрі Польша құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски кәсіби мансабын аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz