2 күн бұрын
Татьяна Сорокопудова УЕФА-ның әйелдер төрешілеріне арналған курсына қатысуда
Фото: ҚФФ
Отандық төреші Татьяна Сорокопудова 2026/27 маусымындағы жетекші әйелдер төрешілеріне арналған УЕФА-ның жазғы оқу курсына қатысуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оқу-жаттығу шарасы 2026 жылғы 7-10 қыркүйек аралығында Швейцарияның Женева қаласында өтуде.
Курсқа Elite, First және Second санаттарындағы әйелдер төрешілер шақырылған.
Курс бағдарламасы төрешілердің өткен маусымда УЕФА аясындағы матчтарда көрсеткен жұмысына талдау жасауды, жаңа маусымға арналған негізгі бағыттарды айқындауды, сондай-ақ қатысушылардың физикалық дайындығы деңгейін тексеруді қамтиды.
Татьяна Сорокопудованың УЕФА курсына қатысуы әйелдер төрешілігін дамыту және отандық төрешілердің халықаралық деңгейдегі біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстың маңызды бөлігі.
Айта кетсек, бұдан бұрын футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңіне кімдер шыққаны анықталды.
Біздің серіктес: Sport12kz