Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 2:1 Аяқталды Астана Астана Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 1:3 Аяқталды Ақтөбе Ақтөбе Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 1:1 Аяқталды Бристоль Сити Бристоль Сити Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 0:1 Аяқталды Бирмингем Бирмингем Премьер-лига Футбол Арсенал Арсенал 2:1 Аяқталды Лидс Лидс КХЛ Хоккей Барыс Барыс 5:1 Аяқталды Авангард Авангард Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 1:0 Аяқталды Жетісу Жетісу Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 10.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао А сериясы Футбол Дженоа Дженоа 2:1 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Бундеслига Футбол Унион Унион 1:0 Аяқталды Эльверсберг Эльверсберг Бундеслига Футбол Майнц Майнц 3:4 Аяқталды Байер Байер Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 2:2 Аяқталды Бавария Бавария Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 2:3 Аяқталды Гамбург Гамбург Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 0:2 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 2:2 Аяқталды Брентфорд Брентфорд Премьер-лига Футбол Челси Челси 5:1 Аяқталды Борнмут Борнмут Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 1:2 Аяқталды Атырау Атырау Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 3:0 Аяқталды Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 1:2 Аяқталды Сток Сток Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 0:2 Аяқталды Брайтон Брайтон

09.09.2026

«Барселона» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңін ірі жеңіспен бастады

«Барселона» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңін ірі жеңіспен бастады

Фото. Championat.ru

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бірінші турының екінші ойын күнінде Испанияның «Барселона» командасы өз алаңында Нидерландтың «Фейеноорд» командасын қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойын барысында испаниялық команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысып, көбірек шабуылға көңіл бөлді. Нәтижесінде олар жылдам гол соғуға мүмкіндік алды.

Ойынның 3-минутында испаниялық клубтан Рафинья мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарды. Олардың қатарынан 22-минутта Карим Адейеми есепті ұлғайтса, 57-минутта Рафинья тағы бір мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль 77-минутта айып добын шебер орындай білсе, 82-минутта «Фейеноорд» сапынан Сем Стейн есеп айырмасын қысқартты.

Ал 85-минутта «Барселона» ойыншысы Габриэл Жезус басымдықты арттырды.

Осылайша испаниялық клуб қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде греманиялық «Штутгарт» Норвегияның «Виуингін» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ бүгін 9 қыркүйектен 10-на қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де «Ливерпуль» (Англия) - «Атлеттико Мадрид» (Испания), «Наполи» (Италия) - «Арсенал» (Англия), «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Слован Братислав» (Словакия), «Спортинг» (Португалия) - «Галатасарай» (Түркия) жасыл алаңға шығады.

Ертең 10 қыркүйекте сағат 21:45-те ПСВ (Нидерланд) - «Шахтер» (Украина), «Фенербахче» (Түркия) - «Рома» (Италия) кездессе, 10 қыркүйектен 11-не қараған түні 00:00-де «Бавария» (Германия) - «Буде Глимпт» (Норвегия), «Комо» (Италия) - «РБ Лейпциг» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Сабаз» (Әзербайжан), «Славия Прага» (Чехия) - «Ланс» (Франция) шеберлік байқасады.

Бірінші турдың алғашқы ойын күнінде алты ойын өткізілді.

Ойындар нәтижесі

АЕК (Грекия) - ЛАСК (Аустрия) 1:0

«Брюгге» (Бельгия) - «Астон Вилла» (Англия) 2:3

«Боруссия Дортмунд» (Германия) - «Вильярреал» (Испания) 3:2

«Лилль» (Франция) - «Бетис» (Испания) 2:3

«Порту» (Португалия) - «Манчестер Сити» (Англия) 0:2

«Реал Мадрид» (Испания) - «Интер» (Италия) 2:1

Негізгі кезеңнің екінші тур ойындары 12 және 13 қазан күндеріне белгіленген.

Еске салсақ, қақпашы Тибо Куртуа Чемпиондар лигасында тарихи межені бағындырды.







Біздің серіктес: Sport12kz