10 сағат бұрын
Нұралы Жақсылық мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін
Қызылордалық «Қайсар» командасының жартылай қорғаушысы Нұралы Жақсылық мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
21 жастағы қазақстандық футболшыға Түркияның екінші дивизионындағы «Кайсериспор» клубы қызығушылық танытып отыр. Ойыншының құқығы елордалық «Астана» клубына тиесілі, осы жылдың соңында келісімшарт аяқталады.
Футболшы шілде айынан бастап «Қайсар» сапында жалға алу негізінде өнер көрсетіп келеді. Қазірге дейін тоғыз матчта үш гол соқты. Ойыншының нарықтық құны - 200 мың еуро.
Біздің серіктес: Sport12kz