14 сағат бұрын
ҚПЛ: «Алтай» қатарынан екі рет жеңіске жетіп, он бірінші орынға көтерілді
Фото: «Алтай» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында ХХVІ туры екінші ойын күні, 13 қыркүйекте «Ұлытау» (Жезқазған) - «Алтай» (Өскемен) кездесуінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өскемендік команда турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға күш салып келеді. Өткен турда жеңіске жеткен олар сол сәттілік сериясын жалғастыруға тырысты. Алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Соған қарамастан бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Ойынның 58-минутында өскемендік клубтан Дарко Додев есеп ашса, одан кейін Сэйф Попов 72, 88-минутта мергендік танытты.
Осылайша өскемендік клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, қатарынан екі жеңістен кейін 25 ұпаймен он бірінші орынға көтерілді.
Айта кетсек, бұл турда бүгін павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін»2:1 есебімен жеңді.
Бұл турды «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) командалары түйіндейді.
Кеше, яғни 12 қыркүйекте бұл турдың бес ойыны өтті. Алдымен өз алаңында Ақтаудың «Каспийі» «Ақтөбеден» 1:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Семейдің «Елімайы» Талдықорғанның «Жетісуын» 2:1, астаналық «Жеңіс» Петропавлдың «Қызылжарын» 3:1, шымкенттік «Ордабасы» «Астананы», қызылордалық «Қайсар» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz