14 сағат бұрын
Қазақстандық футболшылар ресейлік клубтың жеңісіне үлес қосты
Фото: «БАхмат» футбол лубы
Қазақстандық Максим Самородов және Ғалымжан Кнежебек Ресей Премьер-лигасы сегізінші турында грозныйлық «Ахмат» командасы сапында Махачкаланың «Динамо» клубына қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын барысында Максим Самородов негізгі құрамда алаңға шығып, 85-минутта оны Ғалымжан Кенжебек алмастырды.
Айта кетсек, Максим Самородов бүгінгі матчтың үздік ойыншысы атанды.
Кездесу барысында грозныйлық клубтан Калиду Сидибе 58, Мануэл Келиану 85-минутта гол соқса, 66-минутта махачкалалық клубтан Андрес Аларкон өз қақпасына гол соғып алды. Оған махачкалалық командадан Гамид Агаларов 48, Темиркан Сундуков 64-минутта екі голмен жауап қайырды.
Максим Самородов «Ахмат» сапында 2024 жылдан бері ойын көрсетіп жүрсе, Ғалымжан Кенжебек командаға 2026 жылдың басында қосылды.
Біздің серіктес: Sport12kz