3 сағат бұрын
Қазақстан U-15 құрамасы Сербиядағы турнирде Түркиядан жеңілді
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан U-15 құрамасы Сербиядағы УЕФА Даму турнирінің алғашқы матчында Түркияға жол берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркияға 2:0 есебімен жеңілді.
Әнуар Жағыппардың шәкірттері бірінші таймда пенальтиден гол жіберіп алса, екінші таймда стандартты жағдайдан кейін екінші допты қақпасына өткізіп алды.
УЕФА Даму турниріндегі келесі матчын Қазақстан U-15 құрамасы 16 қыркүйек күні турнир қожайындары – Сербия U-15 құрамасына қарсы өткізеді.
Қазақстан U-15 – Түркия U-15 – 0:2 (0:1)
Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип қыркүйек-қазан айларында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады.
Біздің серіктес: Sport12kz