Матч орталығы
ВХЛ Хоккей Динамо Динамо 2:0 Аяқталды Югра Югра Қазақстан чемпионаты Хоккей Торпедо Торпедо 1:2 Аяқталды Горняк Горняк Еуропа чемпионаты Волейбол Бельгия Бельгия 3:1 Аяқталды Чехия Чехия ВХЛ Хоккей ВВС ВВС 6:4 Аяқталды Молот Молот ВХЛ Хоккей Нефтяник Нефтяник 3:4 Аяқталды Торос Торос КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 3:2 Қос. уақытта Лада Лада ВХЛ Хоккей Калуга Калуга 6:0 Аяқталды Тамбов Тамбов ВХЛ Хоккей Рязань Рязань 4:3 Қос. уақытта Дизель Дизель Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Олукайоде Айени Олукайоде Айени 0:2 Аяқталды Эван Жу Эван Жу Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Якуб Врба Якуб Врба 0:2 Аяқталды Спенсер Джонсон Спенсер Джонсон Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Озан Барис Озан Барис 2:1 Аяқталды Алекс Рыбаков Алекс Рыбаков Челленджер Генуя 2 Теннис Хуан Крус Мартин Мансано Хуан Крус Мартин Мансано 2:0 Аяқталды Самуэль Пиери Самуэль Пиери Еуропа чемпионаты Волейбол Словения Словения 3:0 Аяқталды Сербия Сербия Сингапур женщины Теннис Мария Саккари Мария Саккари 16:40 Бүгін Линда Фрухвиртова Линда Фрухвиртова Суперкубок Турции Баскетбол Фенербахче Фенербахче 22:00 Бүгін Бешикташ Бешикташ Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 22:45 Бүгін Лозанна Лозанна Лига Магнус Хоккей Англет Хормади Англет Хормади 23:30 Бүгін Шамони Шамони Лига АБА Баскетбол Борац Чачак Борац Чачак 23:00 Ертең Мега Мега Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 21.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Конференциялар лигасы Футбол Аталанта Аталанта 22:45 05.11 Қайрат Қайрат

7 сағат бұрын

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXXI сайлау конференциясы өтті

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXXI сайлау конференциясы өтті

Фото: ҚФФ

21 қыркүйек, Астанада ҚФФ президенті Марат Омаровтың төрағалығымен Қазақстан футбол федерациясының кезекті XXXI сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Конференция жұмысына өңірлік футбол федерацияларының делегаттары, ҚФФ мүшелері, ФИФА өкілдері Марко Ферри мен Йозеф Климент, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек қатысты.

Жиынның күн тәртібінде ҚФФ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ҚФФ президентінің, Атқарушы комитеті мен Тексеру комиссиясының қызметі туралы есептері, федерацияның қаржылық есептілігі, 2027-2032 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекіту, сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшелерін сайлау мәселелері қаралды.

ҚФФ президенті Марат Омаров қатысушыларға федерацияның биыл атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, қаржы саласы, инфрақұрылыммен қамту, клубтарды жекешелендіру, жас футболшыларды даярлау және халықаралық ынтымақтастық бағыттарындағы негізгі нәтижелерді атап өтті:

«2026 жыл Қазақстан футбол федерациясы үшін негізгі жұмыс бағыттары бойынша нақты нәтижелерге жеткен жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық футболды қолдауы және оны дамытуға ерекше назар аударуы маңызды бастамаларды жүзеге асыруымызға серпін беріп отыр. Президенттің тапсырмасын орындау аясында футбол клубтарын жекешелендіру жұмысы жалғасты. Биыл «Ақтөбе», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Елімай», «Тұран», «Атырау», «Тараз» және «Тобыл» клубтары стратегиялық инвесторларға берілді. «Астана» футбол клубы инвестормен келіссөздің соңғы сатысында.

ҚФФ бірқатар ірі қаржылық, коммерциялық және технологиялық серіктестермен келісімдер жасасты. Келісімдердің жалпы бағалау құны 7,742 млрд теңгені құрады. Қаржылық басқарудың ашықтығын арттыру мақсатында федерация халықаралық аудиторлық компания Ernst & Young-ты тартты. Аудит қорытындысымен ҚФФ-ның 2025 жылғы кірісі 17,6 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,6 млрд теңгеге өсті.

Инфрақұрылымды дамытуға рекордтық көлемде инвестиция бағытталды. Талғардағы 150 тәрбиеленушіге арналған ҚФФ академиясының, сондай-ақ жабық футбол кешені мен табиғи жабынды екі алаңның құрылысы жалғасуда. Halyk Foundation қорымен бірлесіп, Таразда 100 балаға арналған академия салуға дайындық жүргізілуде. KFF Arena бағдарламасының алғашқы жобасы Ақтөбеде басталды. Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Атырау және Көкшетау қалаларында жаңа стадиондар салынуда.

Жас футболшыларды жүйелі түрде іздеу және даярлау мақсатында «Батыр Жолы» жобасы таныстырылды. «Болашақ Чемпиондары» жобасының сегіз өңірлік орталығында 400 бала жаттығуда. «Балғын» бағдарламасы аясында 84 футболшы қыз іріктелді. Кәсіби әйелдер лигасына қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 19 командаға дейін артты.

Қазақстан халықаралық аренадағы орнын нығайтты. Ұлттық құрама өз алаңында өткен FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды. Әйелдер құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіне шықты, ал WU-17 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундына жолдама алды. «Қайрат» футбол клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өтті.

Төрешіліктің сапасын арттыру бағытында да ауқымды жұмыс атқарылды. Қазақстанда Virtual Offside Line технологиясы бар Hawk-Eye жүйесі енгізілді. Отандық сегіз төреші IAAP VAR сертификатына ие болды, тағы сегіз төреші оқудан өтіп жатыр. Қазақстандық төрешілер алғаш рет Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының іріктеу кезеңдеріндегі матчтарға VAR төрешісі ретінде қызмет көрсетті.

2027 жылы Астана УЕФА Конгресі мен 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатын қабылдайды. Ал 2028 жылы «Астана Арена» стадионында УЕФА Суперкубогы өтеді. Бұл оқиғалар халықаралық футбол қауымдастығының Қазақстанға деген сенімі артып келе жатқанын көрсетеді», деді Марат Омаров.

Күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша шешімдер дауыс беру қорытындысы негізінде қабылданды.

Конференция барысында атқарушы комитет мүшелерінің төрт жыл өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты жаңа құрам сайланды.

Дауыс беру қорытындысымен ҚФФ Атқарушы комитетінің келесі төрт жылға мүшелері:

Бегайым Сапарқызы Қырғызбаева;

Гаджи Шапиевич Гаджиев;

Әсет Арманұлы Ерғалиев;

Қайрат Советайұлы Боранбаев;

Қанат Бисембайұлы Шарлапаев;

Михаил Нугзарович Ломтадзе;

Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков;

Тимур Русланұлы Турлов;

Нұрсұлтан Амангелдіұлы Құрманов;

Нуно Алешандре Парейра де Каштру.

Айта кетсек, Астанада ҚФФ-ның 2027-2032 жылдарға арналған стратегиясы таныстырылды.




Біздің серіктес: Sport12kz