7 сағат бұрын
Алматыда өңірлік орталықтардың бапкерлеріне арналған семинар басталды
Фото: ҚФФ
22 қыркүйекте Алматы қаласында Өңірлік орталықтардың жаттықтырушыларына арналған әдістемелік семинар басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Семинар «Батыр Жолы» әдістемесінің екінші кезеңі болып саналатын «Болашақ Чемпиондары» жобасы аясында өтіп жатыр.
Семинарды Элиталық жасөспірімдер футболы және таланттарды анықтау департаменті ұйымдастырды. Іс-шара 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
Семинардың негізгі мақсаты – өңірлерде жас футболшылармен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың біліктілігін арттырып, жаттығу процесіне бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру.
Семинар теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Күн сайын «Жас Қыран» стадионында көрсетілім жаттығуы өтіп, одан кейін топтарда практикалық талдау жүргізіледі. Күн соңында қатысушылар бірлесіп аралық қорытынды шығарады.
Сабақтарды И.М. Шпанера, И.Г. Азовский және В.А. Никитенко өткізеді.
Семинар барысында алған білім мен тәжірибені жаттықтырушылар өз тәрбиеленушілерімен жұмыс барысында қолдана алады. Бұл Қазақстан өңірлеріндегі балалар-жасөспірімдер футболын дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.
Айта кетсек, ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 27-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.
Біздің серіктес: Sport12kz