6 сағат бұрын
«Астананың» бұрынғы футболшысы кәсіби мансабын аяқтады
Фото: «Астана» футбол клубы
«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссон кәсіби футболдағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Исландиялық футболшы елордалық клуб сапында 2019–2021 жылдары өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирлерде 40 матч өткізіп, 13 гол соқты.
Рунар «Астанамен» бірге 2019 жылғы Қазақстан чемпионы атанып, 2020 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
- «Астана» сапындағы жылдарың мен клуб тарихына қосқан үлесің үшін рақмет, Рунар! Өміріңнің жаңа кезеңінде саған сәттілік, толағай табыс және жарқын сәттер тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, 22 қыркүйекте Алматы қаласында Өңірлік орталықтардың жаттықтырушыларына арналған әдістемелік семинар басталды.
Біздің серіктес: Sport12kz