5 сағат бұрын
Махмұд Сабырханның Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы анықталды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
55 келідегі бүгінгі жекпе жекте Иран боксшысы Мехди Каземи КХДР өкілін 4:1 есебімен жеңді. Енді Махмұд Сабырхан мен Мехди Каземи 26 қыркүйек күні күш байқасады.
Айта кетсек, құрлықтық бәсекеде еліміздің ерлер құрамасында 6, әйелдерде 5 боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында ерлерде Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар
Ал әйелдерде тізімге Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) енгізілген.
Айта кетсек, қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекованың Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz