3 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан құрамасы ертең Фарер аралдарына аттанады
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанадағы оқу-жаттығу жиынын толық аяқтады. Енді олар UEFA Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен кездесу үшін ертең, 24 қыркүйекте жолға аттанады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізеді. Алдымен 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы, сондай-ақ 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесулер өтеді.
Соңғы тізімге 28 футболшы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Кайрат»).
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).
Айта кетсек, Қазақстан жастар құрамасы Англиядағы «Уикомб Уондерерс» футбол клубының базасында қорытынды жаттығуын өткізіп, Вулверхэмптон қаласына аттанды.
Біздің серіктес: Sport12kz