4 сағат бұрын
Бокстан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 25 қыркүйекте екі жекпе-жек өткізеді
Фото: Қазақстан ҰОК
2026 жылғы Азия ойындарында 25 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні Назым Қызайбай (54 келі) мен Оразбек Асылқұлов (60 келі) ел намысын қорғайды.
25 қыркүйек
13:00. 54 келі. 1/8 финал.
Назым Қызайбай - Ксуа Жао (Қытай)
13:00. 60 келі. 1/8 финал. Бесінші жекпе-жек.
Оразбек Асылқұлов - Донгхван Жанг (Оңтүстік Корея).
Назым Қызайбай 1993 жылы 14 қыркүйекте дүниеге келген. 2014, 2016, 2025 жылдары әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2025 жылы күміс, 2012 жылы қола медаль иегері атанды.
Сондай-ақ Назым Қызайбай 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер болса, 2021 жылы Азия чемпионы атанды.
Оразбек Асылқұлов 1996 жылы 30 қарашада дүниеге келген. 2025 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алса, Азия чемпионатында 2026 жылы алтын, 2024 жылы күміс жүлдегер болды.
Құрлықтық бәсекеге еліміздің ерлер құрамасында 6, әйелдерде 5 боксшы аттанған еді. Олардың қатарында ерлерде Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар
Ал әйелдерде тізімге Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) енгізілген.
Қазірге дейін Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Ким Мин Сёнгқа (Оңтүстік Корея) 2:3 есебімен жол берді.
Ал Төрехан Сабырхан Азия ойындарындақ атарлық Мұхаммед Дбичиді 5:0 есебімен қапы қалдырса, Алуа Балқыбекова үндістандық Сакши Чаудхариді 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.
Біздің серіктес: Sport12kz