Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Үндістан Үндістан 1:1 Аяқталды Панама Панама Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Словакия U19 Словакия U19 1:1 Аяқталды Қазақстан U19 Қазақстан U19 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 2:0 Аяқталды Латвия Латвия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грузия Грузия 0:1 Аяқталды Солтүстік Ирландия Солтүстік Ирландия Кубок Лейвера Теннис Рафаэль Ходар Рафаэль Ходар 2:0 Аяқталды Александр Бублик Александр Бублик Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Англия U21 Англия U21 4:2 Аяқталды Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 0:1 Аяқталды Франция Франция УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Венгрия Венгрия 0:1 Аяқталды Украина Украина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 0:2 Аяқталды Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Польша Польша 0:0 Аяқталды Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 2:1 Аяқталды Кипр Кипр УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швеция Швеция 2:1 Аяқталды Румыния Румыния Африка ұлттар кубогы, іріктеу Футбол Алжир Алжир 3:1 Аяқталды Замбия Замбия Цзиншань женщины Теннис Кристина Сидорова Кристина Сидорова 08:00 Бүгін Аружан Сагандикова Аружан Сагандикова УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словения Словения 18:00 Бүгін Шотландия Шотландия Бундеслига Баскетбол Бавария Бавария 18:40 Бүгін Альба Альба Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Кувейт Кувейт 20:55 Бүгін Ирак Ирак УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 21:00 Бүгін Финляндия Финляндия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Болгария Болгария 21:00 Бүгін Люксембург Люксембург УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Исландия Исландия 21:00 Бүгін Эстония Эстония

5 сағат бұрын

Джон ван ’т Шкип ертең Қазақстан құрамасы қалай ойнайтынын айтып берді

Джон ван ’т Шкип ертең Қазақстан құрамасы қалай ойнайтынын айтып берді

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип ертең, 26 қыркүйекте UEFA Ұлттар лигасы аясындағы Фарер аралдарымен кездесуге қатысты ой-пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде бас бапкер ойын алдында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Бұл ойын Қазақстан уақытымен 21:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу барысында мальталық Ишмаэл Барбара бас төреші міндетін атқарса, оған отандастары Люк Портелли мен Джеймс Мускат көмекшілік жасайды.

- Біз доп додасына дайындық барысында бір аптадай бұрын Астанада бас қостық. Ойыншылар арасында жарақат алған футболшылар анықталды. Олардың оқу-жаттығу жиынына жарақатпен келгені белгілі болды. Бұл ойыншылардың денсаулық жағдайын саралап, кейбірі алдағы ойындардан босату жөнінде шешім қабылдай алдық. Қалғаны алдағы матчтарға дайындығын пысықтап жатыр, - деді бас бапкер.

Сондай-ақ бас бапкер ұлттық құраманың Фарер аралдарына қалай ұшып келгені жөнінде әңгімелеп берді.

- Ұшақпен кешігіп ұштық. Ол жайында хабар берген сәтте қайтадан қонақ үйге бардық. Сол жерде толықтай демалып, кішігірім үзіліс алуды жөн көрдік, - деді ол.

Бас бапкер баспасөз мәслихатында шабуыл шебіндегі мәселелер жөнінде айтып берді.

- Иә, ұлттық құрамадағы маңызды ойыншылардың жарақат алып қалғаны белгілі. Атап айтқса, Дастан Сәтпаевтың кішігірім жарақаты бар. Дастан Сәтпаевтың қалпына келуіне әлі уақыт керек. Ислам Чесноков та бізге көмектесе алмайды. Максим Самородов та соңғы ойында жарақат алған. Бұл жас футболшыларға мүмкіндік береді, - деді бас бапкер.

Нидерландтық маман Қазақстан құрамасының Фарер аралдары арасындағы кездесулер статистикасы мәселесіне жауап берді.

- Өздеріңіз білетіндей, Фарер аралдары соңғы ойындарда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бұл құрама қарымта шабуылға өте жылдам шығады. Қос қанаттан пас шығарып, оны керемет пайдалана алады. Оған қоса айып соққысына көңіл бөледі. Оқу-жаттығу жиынында біз оған дайындалдық, - деді бас бапкер.

Баспасөз мәслихатында бас бапкер қақпашылар мәселесі жөнінде ой-пікірін білдірді.

- Бұл жөнінде қақпашылар бапкерімен кеңесіп тұрамын. Нақты шешімді өзім қабылдаймын. Ешкімге нақты құрамдағы орнына кепілдік берілмеген. Олар өздерін дәлелдей білкуі тиіс. Журналистер тарапынан қызылордалық "Қайсардың" қақпашысы Нұрымжан Салайдын туралы сауалдар жиі қойылады. Мен ол жайында білемін, ол - өте тәжірибелі футболшы, оның көп сейв жасағаны негізінен командасына байланысты. Қақпасына көп соққы бағытталады. Ұлттық құрамаға шақырылған төрт қақпашының да деңгейі жоғары деп бағалаймын, - деді бас бапкер.



Біздің серіктес: Sport12kz