5 сағат бұрын
Қазақстан U19 құрамасы Словакиядағы турнирді тең ойынмен бастады
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словакияда өтіп жатқан Youth Nations Cup халықаралық турнирінде алғашқы ойынында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз бұл жолы Словакиямен шеберлік байқасты. Құрама сапынан Аламгир Смаковгол соқты. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Данила Буч, Бахтияр Алдашев (екеуі де – «Қайрат»), Мадияр Төлеубек («Батыр»).
Қорғаушылар: Нұрхан Қағазбаев, Нұралы Азатқазы (екеуі де – «Шахтер»), Данил Соболев («Тұран»), Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков, Санат Нұрболат (екеуі де – «Қайрат»), Әлихан Жексенбек («Астана Ж»), Шыңғыс Қалиев («Кастельон», Испания), Хасен Артурұлы («Ақтөбе»).
Жартылай қорғаушылар: Абылай Төлеухан, Абылай Жылқайдар, Ермұхаммад Керімхан, Төре Исмағұлов, Әлиден Мұсайыпов, Евгений Петрик, Қайсар Малаев (барлығы – «Қайрат»), Аламгир Смақов («Бешікташ», Түркия), Арафат Молдағалиев («Тұран»).
Шабуылшылар: Дәулет Орынбасар («Қайрат»), Расул Әкімов («Шахтер»).
Енді турнир аясында Тимур Қасымов шәкірттері екі матч өткізеді. Қазақстан құрамасы екінші турда, 28 қыркүйек күні Швейцариямен жасыл алаңға шығады. Ал 1 қазанға жоспарланған қорытынды ойында Польша құрамасымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына келіп жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz